2025 жылдың 29-шы қыркүйегінде, 2-сыныпта «Өзіңді буллингтен қорға» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллинг пен оның түрлері жайында түсінік қалыптастыру, сондай-ақ жәбірлену жағдайларындағы дұрыс әрекет ету дағдылары мен өзін-өзі қорғай білу қабілетін дамыту. "Защити себя от буллинга"
2025 жылғы 29 қыркүйекте «Мейірімділік күші – зорлықсыз жол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында мейірімділік құндылығын қалыптастыру, айналадағы адамдарға құрметпен қарауды тәрбиелеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Өткізілген жұмыс түрлері: әңгімелер, пікірталастар, топтық жұмыстар, бейнематериалдарды көру және талқылау, шығармашылық тапсырмалар.

2025 жылдың 24-ші қыркүйегі күні, қазан айының 1 – Қарттар күніне орай, мектебіміздің 10–11 сынып оқушылары «Қамқор» жобасына қатысты. Оқушылар қарт тұрғындарға көмек көрсетіп, аулаларын жинауға жәрдемдесті. Акцияның мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік сезімін, үлкендерді құрметтеуді және көмекке әрдайым дайын болуды тәрбиелеу.
2025 жылдың 27-ші қыркүйегінде Аксеновка орта мектебінде нысандар мен жабдықтардың антитеррористік тұрғыдан қорғалуын ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында бекітілген және пысықталған іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды. АӘД пәнінің ұйымдастырушысы, педагог Д.Б.Бергенов газтұтқыш пен жалпы әскери қорғаныс жинағын дұрыс пайдалану тәсілдері туралы айтып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық берді.
Қыркүйек айының 24 - шi жұлдызы күні Аксеновка орта мектебінде " Бірыңғай ашық есіктер күні" өтті. Аталған шараға мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері мен бастауыш сынып ұстаздары қатысты. Өткiзiлген шараның мақсаты: балалардың мектепке дейінгі білім беру кезеңінен жалпы білім беру кезеңіне жайлы бейнелеуiн қамтамасыз ету.