2025 жылғы 17 наурызда кітапханашы Мороз Олеся Алексеевна «Бір ел – бір кітап» тақырыбында кітапхана сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетті насихаттау, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысу арқылы жас ұрпақты елдің мәдени мұрасына баулу.
2025 жылғы наурыз айының 7-ші жұлдызы күні мектебімізде, мектептің өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесе отырып, Халықаралық әйелдер күніне арналған жалпы мектептік мерекелік концерт өткізілді. Көктем тамаша мереке – Халықаралық әйелдер күнімен басталады. Бұл күні мейірімді, аяулы және ең сүйікті ұстаздарымызға, ата-аналарымыз бен әжелерімізге ерекше сөздер арналады. Нәзік жандыларымыз, аналар мен әжелерден біз қаншама қуаныш пен қамқорлық көреміз! Оларсыз күніміз мұншалықты жарық болмас, өміріміз мейірімге, жылулыққа, махаббат пен жарқын бояуларға толмас еді.