2024 жылдың 25 желтоқсанында 1-сыныпта дәстүрлі «Əліппемен қоштасу» іс-шарасы өтті. Оқуға үйреткен кітаппен қоштасу – әрбір бірінші сынып оқушысының өміріндегі айтулы оқиға. Жақында, 1 қыркүйекте балалар алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, алғашқы Əліппе кітапты қолдарына алды. Ал бүгін біздің 1-сынып оқушылары Əліппемен қоштасу мерекесіне келді. 1-сынып мұғалімі Базарова Айгерім Есмағамбетовна.
2024 жылғы 17 желтоқсанында директорының ТЖ жөніндегі орынбасары С.Ж.Кумарова ата-аналарға «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» тақырыбында сабақ өткізді.Сабақ барысында балалардың қауіпсіздігіне арналған жағдаяттар әзірленді.
"Саламатты мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында 2024 жылдың 18 қарашасында мектеп әкімшілігі мұғалімдер мен оқушылар арасында «Шынқырлы, күшті, батыл!» спорттық эстафетасын ұйымдастырды. Негізгі мақсат: салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру.