Байқаудың мақсаты: оқушылардың құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының заңдарына құрметпен қарауды дамыту. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды 5-сынып оқушысы Мишонин Павел иеленді.
24 қазан айында шағын-орталықта Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу, тәуелсіз Қазақстанның рәміздері мен тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру. Менің Отаным -Қазақстан
Сұхбат барысында балаларға келесі жағдайлар түсіндірілді: — мұндай орындарға бару өмір мен денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді; — иесіз ғимараттарда құлаған құрылыстар, өткір заттар, ашық люктер мен электр сымдары болуы мүмкін ; — осындай жерлер жарақат пен жазатайым оқиғалардың жиі себебі болады; — егер таныстарының бірі осындай аумақтарға барса, бұл туралы міндетті түрде ересектерге (ата-анасына, мұғалімге, психологқа немесе сынып жетекшісіне) хабарлау қажеттігі айтылды.
2025 жылғы 23 қазанда алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы Бергенов Д.Б. балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мәселелері бойынша нұсқаулық өткізді. Мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздік пен денсаулыққа саналы түрде қарауын қалыптастыру, жарақат алудың алдын алу және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Байқау бағдарламасында келесі кезеңдер қамтылды: • сыныптардың визит карточкалары; • « Күз ханзадасы мен ханшайымы» сән байқауы және дефилесі; • музыкалық және би нөмірлері; • күз тақырыбындағы викториналар мен көңілді сайыстар. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: «Күз ханшайымы – 2025» — Иост Вероника «Күз ханзадасы – 2025» — Вахненко Павел «Күзгі асар» атты күзгі бұйымдар байқауында 8-сынып І орынды иеленді.
В преддверии государственного праздника — Дня Республики Казахстан — в школе был проведён классный час, посвящённый этому знаменательному событию. Цель мероприятия — формирование у учащихся чувства патриотизма, уважения к государственным символам, истории и традициям своей страны, воспитание гордости за Родину.
Мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасы күні қарсаңында, мектебімізде сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге, ел тарихы мен дәстүрлеріне құрметпен қарау, Отанға деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
«Аксеновка орта мектебінің» КММ 5–11 сынып оқушыларының қатысуларымен әлеуметтік педагог Науанова Мариям Жарасовна кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізді. Оқушылар балалардың мінез-құлқына ата-аналар жауапты екенін білді. Мәселен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бейәдеп сөздер қолданғандары үшін ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін. Сабақ барысында оқушылар тәртіп сақтау, айналасындағыларға құрметпен қарау және өз іс-әрекеттеріне саналы түрде жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын талқылады.