Мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасы күні қарсаңында, мектебімізде сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге, ел тарихы мен дәстүрлеріне құрметпен қарау, Отанға деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
«Аксеновка орта мектебінің» КММ 5–11 сынып оқушыларының қатысуларымен әлеуметтік педагог Науанова Мариям Жарасовна кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізді. Оқушылар балалардың мінез-құлқына ата-аналар жауапты екенін білді. Мәселен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бейәдеп сөздер қолданғандары үшін ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін. Сабақ барысында оқушылар тәртіп сақтау, айналасындағыларға құрметпен қарау және өз іс-әрекеттеріне саналы түрде жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын талқылады.
Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесі қарсаңында мектебімізде келесі ойындар ұйымдастырылды: 1-ойын – викторина «Менің Қазақстаным»; 2-ойын – «Асық боулинг»; 3-ойын – «Асық алу»; Ойындарға сынып жетекшілер мен 1–10 сынып оқушылары қатысты. Командалардың нәтижелері бойынша: Бастауыш сыныптар арасында: 1-орын – «Дала балалары» тобы (4-сынып); Орта және жоғары буын сыныптары арасында: 1-орын – «Батырлар» тобы (8-сынып); 1-орын – «Жас қыран» тобы (7-сынып); Шараны ұйымдастырудаға
2025 жылғы 20 қазанда мектебімізде еліміздің Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Мемлекеттік Туды салтанатты түрде шығарып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Жиынның мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және туған елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталды. "Қыран елім -Қазақстаным!"
Алтын күз Шағын-орталық пен мектеп алды сыныптарында «Алтын күз» атты күзгі мереке өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту, еңбекке және туған табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу. Балалар күз туралы өлеңдер оқып, ән айтып, көңілді ойындар мен сайыстарға қатысты. «Күзгі асар» атты күзгі қолөнер байқауында келесі нәтижелер анықталды: 1-орынды – Криштопин Иван, 2-орынды – Власкин Александр иеленді. Мереке жарқын да қызықты өтті, балалар көптеген жағымды эмоция мен көтеріңкі көңіл күй алды.
2025 жылғы 17 қазанда бастауыш буын сыныптары арасында «Алтын күз» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен әсемдік сезімін дамыту. Оқушылар күз туралы өлеңдер, әндер мен билер дайындады. Әр сынып «Күзгі асар» атты табиғи материалдардан бұйымдар жасап ұсынды. Нәтижесінде: 1-орынды – 3-сынып, 2-орынды – 2-сынып, 3-орынды – 1-сынып иеленді.
2025 жылғы 17 қазанда, Аксеновка орта мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау шарасы өтті. Сайлауға 5–11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп президенті лауазымына келесі үміткерлер ұсынылды: 1. Михалёва Аделина 2. Краснова Валерия Әрбір үміткер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сайлаушыларға үндеу жасады және оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Дауыс беру алдын ала бекітілген тәртіпке сәйкес, бюллетеньдер арқылы жүргізілді. Дауыс санау нәтижесі бойынша, мектеп президенті болып 75 % дауыс
Психологиялық денсаулық апталығының қорытынды кезеңінде педагог-психолог Майраш Байжановна «Ізгілік бөлшегін өзіңмен ал» атты қорытынды акциясын өткізді. Бұл акция әрбір адамға жылулық, күлкі мен ізгі сөздермен бөлісудің маңыздылығын еске салды. Өйткені кішкентай ғана қамқорлық пен назар белгісі біреудің күнін жарқын етіп, жүрегін қуанышқа бөлей алады. Жақсылық – әрқашан қайтып келетін қасиет!