19 мамырда "Аксеновка ОМ" КММ-де "Менің мектебім буллингқа қарсы" жалпыреспубликалық шлешмоб аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында ауыл көшелерімен велошеру ұйымдастырылды.
19 мамырда біздің мектепте оқушылар күні атап өтілді. Барлық буындарда спорттық жарыстар өткізілді. Бірақ басты оқиға "Workout" бойынша жарыс болды, оған 12 қатысушы өтінім берді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша жаңа пәндегі үздік спортшылар анықталды: 1 орын - Полякевич Станислав (7 сынып) 2 орын - Павин Руслан (5 сынып) 3 орын-Иванов Алексей (7 сынып) Балалар медальдармен және грамоталармен марапатталды, ал жеңімпазға ауыспалы кубок берілді.
2023 жылдың 28 сәуірінде мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті. Әр сынып қойылымдар дайындады: достық туралы өлеңдер оқып, әндер шырқады, республикамызды мекендеген әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетті. Оқушылар ұлттық киімдерін әдемі киіп, ойындар мен викториналарға қатысты.
Бүгін,12 сәуір күні сағат12:00-де республикада алғаш рет"Шахмат ойыны"челленджті өткізу аясында біздің мектепте ұстаздар мен оқушылар арасында шахмат ойыны өтті.Топтарда 3 ойнаушы,4 ойын,3 жеке және 1топтық шахмат ойыны өткізілді.
Біздің мектепте 7 сәуір күні "Денсаулық күні" өтті. Денешынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп ішінде оқушылар мен оқытушылар арасында спорттық ойындар жарысы өтті............................
1 сәуір мен 7 сәуір аралығында біздің мектепте "Құстар" күніне арналған құс ұясы мен қоректендіргіштер жасау сайысы өтті. Сайысқа 1-6 сынып оқушылары қатысып, жалпы 25 оқушылардың жұмысы мектепшілік дауыс беру арқылы бағаланды. Жиналған дауыс бойынша ең үздік жасалған оқушы жұмыстары бағаланып мадақтау қағазы мен сыйлық ретінде оқу құралдары берілді.<img
«Біз жемқорлыққа қарсымыз» Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты тиімді жүргізу мақсатында 9-сынып оқушыларымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты жадынамалар таратылды. Парақшалар ақпараттық сипатта болды.
Наурыз мейрамын тойлау аясында 15 наурыз күні 6 сыныпта «Қазақтың дәстүрлі қолданбалы өнері» тақырыбында бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Батракова Людмила Ивановна ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның қонағы ауылымыздың тұрғыны Баженова Бақыт Пазыловна қазақ халқының қолданбалы өнеріне байланысты салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ықыласпен әңгімелеп, бірнеше жұмыстарын көрсетіп.