Ұлттық ойындар-біздің тарихымыз, қазынамыз және дәстүріміз. Ойындар мен мерекелер үлкен қоғамдық маңызға ие болды. Дәстүрлі халықтық ойын-сауық қандайда бір дәрежеде қазақ халкының шаруашылық, күнделікті рухани өмірінің түрлі салаларын қамтиді. 15.02.2023 ж. «Наурыз-мейрамы» қарсаңында «Аксеновка орта мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі А.Қанатаев оқушылар арасында ұлттық ойын түрлерінен спорттық іс-шаралар өткізді. Бұл іс-шара барысында патриоттыұ рухы және жеңіске деген үлкен талпыныс сезілді.
мұражай сабағы 9-сынып оқушылары үшін «Туған ауылым» тақырыбында мұражай сабағы өткізілді. Сабаққа Аксеновка ауылының тұрғыны Баженова Бахыт Пазыловна шақырылды. Ауылымызда қолөнер мен қолөнерді дамытқан ауылға алғашқы қоныстанушылар пайда болған кездегі қызық өмірін айтып берді. Балалар қонақты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.
01-13 ақпан аралығында «Мамандық таңдау – болашақ таңдау» атты кәсіптік бағдар беру онкүндігі өтті. Ал мектеп мұражайының жоспарымен бірге «Ұстаздар әулеті» тақырыбында 6 ақпан күні мектеп мұғалімдері арасында 9-11 сынып оқушылары арасында «Мектепіміздің ұстаздар әулеті» атты іс-шара өткізілді. Мұндағы мақсат – балаларды ұстаздық еңбекпен таныстыру, осы қиын мамандықтың қыр-сырын көрсету. Өйткені, мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Шараға Утегенова Г.К. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және Қабыкен Н.Е. өнер мұғалімі
Әр халықтың өз ұлттық ойындары бар, Қазақстан да бұдан тыс емес. Қазақтың ұлттық ойындары қазақ мәдениетінің құрамдас бөлігі. Мектебімізде аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндерідене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қанатаев Абзал Өміртаевич ұлттық спорт түрлерінен жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін «Бес асық» ойнау үшін арнайы үстел жасалып, «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» ойындарына қажеттінің бәрін жасады. Балалар дана халқының ойындарын үйреніп қуанады.