Аксеновка орта мектебінде «Барлық мамандықтар маңызды, барлық мамандықтар қажет» атты әлеуметтік акция өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың еңбекке деген құрметін қалыптастыру және әртүрлі мамандықтар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру болды. Акция барысында балалар адамдардың кәсіби қызметінің алуан түрлілігімен танысты, әңгімелерге, викториналарға және шығармашылық тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Оқушылар өз армандарымен бөлісіп, болашақта кім болғылары келетіндерін айтып өтті. Бұл шара балаларға әрбір мамандықтың маңызды әрі бағалы
Психологиялық денсаулық онкүндігі аясында ата-аналарға «Балаға қолдау көрсетудің жолдары» атты жадынама таратылды. Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың балаларға эмоциялық қолдау көрсету, көңіл бөлу және қамқорлық танытудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру болды.
Мектепте оқушылардың эмоциялық сана-сезімдерін дамыту мен өз сезімдерін білдіру қабілетін арттыруға бағытталған «Көңіл-күй экраны» атты психологиялық акциясы өтті. Педагог-психолог Майраш Байжановна балаларға өз көңіл-күйлерін жазып, стикерді экранға жапсыруды ұсынды. Әр оқушы өзіне ұнаған түсті таңдап, бүгінгі көңіл-күйлері жайында жазды. Мұндай шығармашылық әдіс балаларға өз эмоциялары туралы ойлануға, олармен бөлісуге және мектепте жағымды атмосфера қалыптастыруға көмектесті.
Педагог-психолог Оксана Викторовна мектепке дейінгі даярлық сынып оқушыларымен «Қуаныш неге ұқсайды?» тақырыбында ойын өткізді. Сабақ барысында балалар өз сезімдерімен бөлісіп, қуаныш сезімін тудыратын бейнелер мен ұқсастықтарды атады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қуанышты - күнге, күлкіге, гүлдерге, достарға және сыйлықтарға ұқсатты. Бұл ойын балаларға өз эмоцияларын жақсырақ түсінуге, қиялдарын дамыту мен топта жағымды көңіл-күй қалыптастыруға көмектесті.
Психологиялық денсаулық онкүндігі аясындағы жоспар бойынша, әлеуметтік педагог Науанова Мариям Жарасовна «Мейірімділіктің бөлшегін өзіңмен ал» атты акция өткізді. Кабинеттердің есіктеріне жылы тілектер мен шабыттандыратын сөздер жазылған парақшалар ілінді. Әркім өзімен бірге ізгіліктің бір бөлшегін ала алды, себебі кей кезде бір ғана жылы сөз - адамның көңіл күйін бір күнге жақсарта алады!
Психологиялық денсаулық онкүндігі аясында, педагог-психолог Майраш Байжановна мен әлеуметтік педагог Мариям Жарасовна бірлесіп «Күлкі сыйла» атты психологиялық акция өткізді. Іс-шараның мақсаты – айналада жағымды атмосфера қалыптастырып, көңіл күйді көтеру мен айналадағы адамдармен позитивті эмоциялармен бөлісудің маңыздылығын еске салу болды. Акция барысында қатысушылар бір-біріне күлкі, жылы сөздер мен ізгі тілектер сыйлап, мектепті жылулыққа, қуаныш пен жақсы көңіл күйге бөледі. Мұндай іс-шаралар оқушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға,
025 жылғы 9 қазанда Петропавл қаласында Оқушылар сарайында Қазақстан кәсіподақтары күні аталып өтті. Айыртау ауданының делегациясын Аксёновка орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Таккужин Бауржан Атығаевич, Саумалкөл қазақ орта мектебінің педагогикалық еңбек ардагері Баксыбаева Арман Қабжатқызы және аудандық кәсіподақ комитетінің бухгалтері Канафина Баян Тұяққызы таныстырды. Таңертең кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне арналған шырша отырғызу шарасына қатысып, сағат 11:00-де салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарадан кейін қатысушылар мерекелік түскі
2025 жылғы 7-ші қазан күні «Аксеновка орта мектебінің» КММ әлеуметтік педагогы Науанова Марьям Жарасқызы «Оқушылардың тамақтануы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнаманың мақсаты — оқушылардың тамақтану ерекшеліктерін зерттеу, олардың тағамдық әдеттерін анықтау және салауатты өмір салтына деген саналы көзқарасты қалыптастыру.