2025 жылдың 27-ші қыркүйегінде Аксеновка орта мектебінде нысандар мен жабдықтардың антитеррористік тұрғыдан қорғалуын ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында бекітілген және пысықталған іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды. АӘД пәнінің ұйымдастырушысы, педагог Д.Б.Бергенов газтұтқыш пен жалпы әскери қорғаныс жинағын дұрыс пайдалану тәсілдері туралы айтып, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық берді.
Қыркүйек айының 24 - шi жұлдызы күні Аксеновка орта мектебінде " Бірыңғай ашық есіктер күні" өтті. Аталған шараға мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері мен бастауыш сынып ұстаздары қатысты. Өткiзiлген шараның мақсаты: балалардың мектепке дейінгі білім беру кезеңінен жалпы білім беру кезеңіне жайлы бейнелеуiн қамтамасыз ету.
2025 жылдың 22-ші қыркүйегінде Еңбек күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еңбекке деген құрметпен қарауын қалыптастыру, оның адам өмірі мен қоғамдағы маңызын түсіну. Сынып сағаттары барысында балалар мерекенің шығу тарихымен танысып, әртүрлі мамандықтар мен адал әрі жауапты еңбектің мәнін талқылады. Шарада еліміздің дамуына зор үлес қосқан азаматтары таныстырылды. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өз пікірлерін айтып, жеке тәжірибелерінен мысалдар келтірді.
2025 жылғы 10 қыркүйекте ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста келесі мәселелер қарастырылды: 1. 2025–2026 оқу жылының басталуы туралы 2. «Адал азамат» тәрбие бағдарламасымен таныстыру 3. Құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу, білім беру ұйымдарындағы сенім телефоны туралы 4. Ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесін бекіту
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп бағдарламасы аясында, Аксеновка орта мектебінде оқушылар мен мұғалімдердің қатысуларымен спорттық іс-шара өтті. Жарыс достық әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, командалық рухты нығайтуға, дене белсенділігін арттыру мен ұрпақтар арасындағы өзара байланысқа ықпал етті. Қатысушылар белсенділік пен спорттық жігер танытып,бір-біріне өзара қолдау көрсетті. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруда және мектеп ұжымын біріктіруде маңызды рөл атқарады.
«Балалар кiтапханасы» жобасы аясында,қыркүйек айының 17-ші жұлдызы күні, шағын орталықтың тәрбиешісі А.В.Бойко «Кітап – менің қазынам» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Шараның мақсаты: балаларды кітапқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оларға ұқыпты қарауды үйрету, оқуға деген қызығушылық қалыптастыру.
«Аксеновка орта мектебінде» КММ аналар күніне арналған сынып сағаттары өтті. Іс-шаралардың жалпы мақсаты – оқушылардың анаға деген құрмет, алғыс пен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту болып табылады.